7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Шымкенттіктердің 93% көгілдір отынмен қамтылған.
Жыл соңына дейін Батыс, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Тұран (2 кезек) елді мекендері табиғи газ жүйесіне қосылады. Сонда тағы 34 мыңнан астам тұрғын сапалы газға қол жеткізген болады.
Қазіргі кезде «ҚазТрансГазАйма» Шымкент Өндірістік Филиалымен (ШӨФ) бірлесіп жұмыс жасалуда. Бұл туралы қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков Батыс елді мекені тұрғындарымен кездесуі барысында айтып, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
“Барлық жұмысты 1 ай көлемінде немесе одан да тез мерзімде шешу үшін мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырудамыз. Заң бәрімізге ортақ, құжаттарды рәсімдеу соған сәйкес жүргізіледі. Құрылыс барысында кеткен кемшіліктер ретке келтірілуде. Жыл соңында аяқталатын жұмыстар жоспарланған кестеге сай жүргенімен күн қараша айынан бастап суытады. Тұрғындарға көмір түсіру мәселесін жаздан бері айтып, түсіндіріп келеміз”,-деді басқарма басшысы.
Қала әкімі орынбасарының сөзінше, бұл көрсеткішке 2021 жылы шаһардағы үшінші АГРС-ті іске қосудың нәтижесінде жету жоспарланған. Қазір бұл нысанның құрылысы салынуда. Ал, аталмыш нысан іске қосылғанға дейін табиғи газбен қамтылмаған тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасымен бірқатар жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, көршілес Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа елді мекенінен 25 мың м3/сағ газ алуға мүмкіндік беретін газ құбырының құрылысы (7,5км) бойынша ЖСҚ әзірленіп жатыр.
Батыс елді мекені бойынша 49 шақырым газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді газға қосу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.
«ҚазТрансГазАймақ» ШӨФ абоненттеуді 10 күн аралығында бастайды.
Басқа да елді мекендерді газбен қамту құрылысы рет-ретімен жүзеге асырылуда. Жалпы биыл 18 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ақтас және Сәуле магистралының құрылысы да аяқталуға жақын.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ – САПАЛЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ КЕПІЛІ

smarttop

Пікір қалдыру