8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚЫС МЕЗГІЛІНЕ АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында 24-25 қараша аралығында «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осы іс-шара аясында қалалық азаматтық қорғау қызметтері мен Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің авариялық-құтқару қызметтерінің, коммуналдық және арнайы техникалардың қыс мезгіліне дайындығы пысықталды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – қалалық жедел ден қою жасақтың командирі Мақсұт Исахов, ТЖ департаментінің бастығы, полковник Мадияр Жақсыбаев арнайы техникалардың дайындығын тексерді.
– Оқу-жаттығу жиынының мақсаты – қыс мезгіліне инертті материалдардың қорын және қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларда авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ департаменті арнайы техникасының дайындығын тексеру, техникалардың жұмысқа жарамдылығын және техникалық жағдайын анықтау, қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу. Қысқа дайындық барысында анықталған барлық кемшіліктер қалалық төтенше жағдайлар комиссиясының отырысында қаралады, – деді ТЖ департаментінің бастығы, полковник М.Жақсыбаев.
Қысқы маусымда қаланың автомобиль жолдарында 32 бағытта қалалық коммуналдық-техникалық қызметінің 262 бірлік техникасы және жеке құрамда 781 адам жұмыс істейді. Жалпы ұзындығы 1040 шақырым, қаланың 315 көшесінде қар тазалау жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 3886 тоннадан аса тұз, 23654 текше метр құм дайындалған, инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 28 бірлік техникасы мен 130 адам жеке құрамы дайындалды. Қажет болған жағдайда қыс мезгіліне 123 жиналу-эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілді, олардың базасында тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша пункттер ұйымдастырылды.
«Шымкент келбеті»
Фото Серік Қосаев.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ШЫМКЕНТ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАНЫ ҮШІН 5 АЗАМАТҚА 900 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

smarttop

КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру