19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ӘЛІМХАН СЫЗДЫҚОВ – АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!

Ұланбатырда (Моңғолия) күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтуде. Жарысты алдымен грек-рим күресі балуандары бастады.


Кеше, жарыстың бірінші күнінде бес отандасымыз жүлдегер атанды. Ұлттық құрама сапында аса ауыр салмақта белдескен жерлесіміз Әлімхан Сыздықов чемпионатта топ жарды.

 

Шымкент қаласының балуаны Қырғызстан, Жапония және Оңтүстік Корея елінің спортшыларынан басым түсті. Өткен жылы құрлық біріншілігінде күміс жүлдегер атанған еді. Әлімхан биылғы чемпионатта үздік екенін дәлелдей білді. Жалпы отандық спортшылар биыл Жазғы Азия ойындарына дайындық жүргізуде.

Айта кетсек, бүгін Азия чемпионатында 67 келіде тағы бір жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет бақ сынайды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ: ГАЗДАНДЫРУ МЕН КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

smarttop

Полицейлер Өзбекстан азаматын «Сора» өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған ер адамды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру