Smarttop.kz

«Марика» атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек Жолы» шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, Марика есімді қызметтік ит Өзбекстан азаматында есірткі затына ұқсас заттың бар екеніне белгі берген.
Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның «гашиш» есірткісі екені анықталды. Күдікті шетелдік қамауға алынды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір қылмыс жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ 36,6 ПАЙЫЗҒА КЕМІГЕН

smarttop

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА ӘЛЕМДІК ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ: БАСТЫ МАҚСАТЫ – АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫ МЕН ӨМІР СҮРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ

smarttop

Пікір қалдыру