Шымкент қаласындағы оң салалар бойынша жасалған қортындымен таныстыру өтті. Осы орайда халыққа пайдалы болатын әрбір жобаны қашан да қолдауға дайынбыз”,-деді әкім.Ал компания директоры Искендер Каплан өндірістің қала экономикасындағы экспорт үлесін арттыруға септігін тигізе отырып, жергілікті халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуына басымдық беретінін атап өтті.Жалпы, соңғы уақытта Шымкенттің инвестициялық тартымдылығы артқаны байқалады. Еліміз бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы біраз уақыттан бері оң көрсеткішке ие болуда. Мәселен, таяуда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-қазан айындағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасаған болатын. Жиын барысында премьер-министр Шымкентте барлық сала бойынша оң өсім сақталып тұрғанын және атқарылуға тиіс межелерді орындауда елімізде көшбасшы өңірлер қатарында екенін айтты.
Атап айтқанда:
- Өнеркәсіп өнім көлемі 750,3 млрд. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 105,8 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 107,3 пайыз болып отыр;
- Инвестиция көлемі 403,2 млрд. теңге болып, 18,3 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 93 млрд. теңге, жеке көздерден 310,2 млрд. теңге;
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 150 млрд. теңге немесе 138,6 пайызды құрады;
- Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 599 мың шаршы метр немесе 126,2 пайыз болды;
- Жалпы сауда көлемі 1 578,3 млрд. теңге болып, нақты көлем индексі 14,8 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 482,1 млрд. теңге, нақты көлем индексі 112,1 пайыз, көтерме сауда 1 091,3 млрд. теңге, 116 пайыз;
- Жалпы көлік көлемі 258,0 млрд. теңге болып, 107,7 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен 1,0 пайызға, жүк айналымы 4,6 пайызға артты;
- Байланыс қызметі 6,9 млрд. теңгені немесе 105,0 пайызды құрады.
Қаламыздың инвестициялық әлеуетінің артып келе жатқанының тағы бір дәлелі, келесі жылдан бастап жылына 80 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталмақ. Нәтижесінде 250 азамат жұмыспен қамтылады. Жобаның жалпы құны 38 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штаб отырысында айтылды.Аталмыш отырыста шаһар басшысы үшінші мегаполистің импортқа тәуелділігін азайтып, экспортты көбейту бағытында инвестиция тартуды жалғастыра беретінін, сол арқылы жаңадан ашылған жұмыс орындарының қатары көптеп артқанын жеткізді.