Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар және «Теңізшевройл» ЖШС-нің қысқартылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге 30 мекеме қатысып, жалпы 162 мекемеден 1400-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Мәселен, «Оңтүстік» экономикалық аймағында орналасқан «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасының өкілдері 11 мамандық түрі бойынша азаматтарға тұрақты жұмыс түрін ұсынды.
— Біз «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасы 18-35 жас аралығындағы азаматтарды тоқымашы оператор, дизайнер, программист, станок жөнінен механик мамандарын жұмысқа шақырамыз. Мекеме тарапынан тасмалдау қызметі және түскі ас қарастырылған. Айлық жалақысы 100-220 мың аралығында», — дейді кадр бөлімінің жетекшісі Фатима Мизанбайқызы. Жастар жылы деп жариялап, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға бағытталған іс-шаралар тізбегін саралап берді. Осы мақсатта жастарға арналған түрлі жобалар легі іске асуда. Кәсіпорындар үшін – бұл еңбекке қабілетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алудың бірегей мүмкіндігі. Студенттер үшін өзін әлеуетті жұмыс берушілерге ұсынудың оңтайлы жолы.Жастар жылы деп жариялап, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға бағытталған іс-шаралар тізбегін саралап берді. Осы мақсатта жастарға арналған түрлі жобалар легі іске асуда. Кәсіпорындар үшін – бұл еңбекке қабілетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алудың бірегей мүмкіндігі. Студенттер үшін өзін әлеуетті жұмыс берушілерге ұсынудың оңтайлы жолы.
Жұмыс беруші мекемелер және жұмыс іздеушілер арасында байланыс орнатуды көздейтін іс-шара барысында мемлекеттік қолдау шаралары да түсіндірілді. Атап айтсақ, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін грант бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.