0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 400-ДЕН АСА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз жүрген азаматтар және «Теңізшевройл» ЖШС-нің қысқартылған азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге 30 мекеме қатысып, жалпы 162 мекемеден 1400-ден аса бос жұмыс орындары ұсынылды. Мәселен, «Оңтүстік» экономикалық аймағында орналасқан «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасының өкілдері 11 мамандық түрі бойынша азаматтарға тұрақты жұмыс түрін ұсынды.
— Біз «Назар-Текстиль» кілем тоқу фабрикасы 18-35 жас аралығындағы азаматтарды тоқымашы оператор, дизайнер, программист, станок жөнінен механик мамандарын жұмысқа шақырамыз. Мекеме тарапынан тасмалдау қызметі және түскі ас қарастырылған. Айлық жалақысы 100-220 мың аралығында», — дейді кадр бөлімінің жетекшісі Фатима Мизанбайқызы. Жастар жылы деп жария­лап, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға бағытталған іс-шаралар тіз­бегін саралап берді. Осы мақ­сатта жастарға арналған түр­лі жобалар легі іске асуда. Кә­сіп­орындар үшін – бұл еңбекке қа­білетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алу­дың бірегей мүмкіндігі. Студент­тер үшін өзін әлеуетті жұмыс бе­ру­ші­лер­ге ұсынудың оңтайлы жолы.Жастар жылы деп жария­лап, өскелең ұрпақты жан-жақты қолдауға бағытталған іс-шаралар тіз­бегін саралап берді. Осы мақ­сатта жастарға арналған түр­лі жобалар легі іске асуда. Кә­сіп­орындар үшін – бұл еңбекке қа­білетті халықтың ең үздік өкілдері арасынан болашағы бар мамандарды таңдап алу­дың бірегей мүмкіндігі. Студент­тер үшін өзін әлеуетті жұмыс бе­ру­ші­лер­ге ұсынудың оңтайлы жолы.
Жұмыс беруші мекемелер және жұмыс іздеушілер арасында байланыс орнатуды көздейтін іс-шара барысында мемлекеттік қолдау шаралары да түсіндірілді. Атап айтсақ, жастар тәжірибесінен өту, әлеуметтік жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға қатысу, өз кәсібін ашуда мемлекет тарапынан берілетін грант бойынша, аз қамтылған отбасыға берілетін атаулы әлеуметтік көмек туралы кеңестер берілді.

Ұқсас ақпараттар

МИРАС ЖӘНЕ ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН» 1500-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

smarttop

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА СОВЕРШИЛ ОБЛЕТ ПОДТОПЛЕННЫХ ТЕРРИТОРИЙ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

smarttop

Пікір қалдыру