9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖАЙЫН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖАЙЫН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №125 жалпы орта мектебінде жастар мен жасөспірімдердің қатысуымен келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу бағытында семинар-тренинг өтті.
Мақсаты жастар арасында психологиялық сауаттылықты арттыру, өмірге деген қызығушылығын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін, командамен жұмыс дағдыларын қалыптастыру және ой-өрісін арттыру.
Семинар-тренингке қаламыздағы тәжірибелі психолог гештальт-терапевт Жанат Атаева, Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Жібек Сайдахан, мектеп психологы мен жасөспірімдер қатысты. Психологиялық кеңестерімен бөлісіп, түрлі жаттығулар жасады. Жат ағымдардың жетегінде кетпеу керектігін ескертті. Әсіресе, дін атын жамылған керағар діни топтардың қоғамға, еліміздің тұтастығына төндіретін қаупінің алдын алу мәселелері сөз болды. Жасөспірімдердің осындай діни ағымдар мен топтарға еріп кетпеуі бүгінде өте маңызды мәселе.
Тренингте жастар тәрбиесі және болашағы қай ғасырда, қандай қоғамда болмасын адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Тәрбиелі, білімді, ата-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ мемлекеттің мызғымас діңгегі. Бүгінде жастарымыздың тәрбиесі қандай. Олар нені үйренеді, неден жиренеді деген сұрақтарға сала мамандары жауап беріп тренинг жұмыстарын жүргізді. Өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту, зомбылық қарсы, аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің ата-аналармен, құқықбұзушылықпен қылмыс жасауға бейім жастармен, жасөспірімдерге психологиялық сауаттылығын арттыру жайында айтып түсіндірілді. Сонымен қатар,амандар қойылған сауалдарға жауап бере отырып, түрлі кеңестерімен бөлісті.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАР ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ

smarttop

«ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫМЫЗ ҮШІН ЖҰМЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

smarttop

Мектеп мұғалімдері арасында футболдан сайыс басталды.

smarttop

Пікір қалдыру