22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер 1 күнде заңсыз ойын бизнесінің 2 дерегін анықтады

Облыста көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, құмар ойынға салынғандар қатары көбейген. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар бизнестерін тоқтатар емес.
Осы тұрғыда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын айтқан.

Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келді. Олар оқиға орнын қарап, тексеру барысында 2 дана үлкен монитор, 6 дана процессор, чек шығаратын аппарат тәркілеп алды. Полиция қызметкерлерінің жедел-әрекеті нәтижесінде ойынхананың иесі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды.

Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тағы да бір жас жігітті ұстады. Мекенжайды тексеру кезінде одан да айғақты зат ретінде 3 дана үлкен монитор, 9 дана кіші монитор, 8 дана процессор, чек шығаратын аппарат және 1 дана интернет модем мен камера тюнер тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Сондай-ақ мұндай ойын орталықтары қоғам үшін қауіпті екендігін еске салады

Ұқсас ақпараттар

13 ТҰРҒЫН АЛАПТЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҮШІН ЖСҚ ӘЗІРЛЕНЕДІ

smarttop

КӨШПЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕЛЕР АРҚЫЛЫ 2 066 ЖАС ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ЭНДОВИДЕОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОРНАТЫЛУЫМЕН ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру