16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: ШАҒЫНАУДАНДАРДАҒЫ КӨШЕЛЕР МАМАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда 7 әкімшілік қызметкер мен Build Stroi ЖШС мердігер мекемесінің арнайы кезекші бригадалар ұйымдастырылды. Шымкент қаласындағы шағынаудандар мен көшелерге атау беру және қайта атау жұмыстарын жүргізуге байланысты ҚР Үкіметінің Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезіндегі тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен көпшілік тыңдау өтті. Жиын барысында аудандағы жаңа атау берілетін және атауы қайталанатын, атауы моральды тұрғыдан ескірген көшелер мен шағынаудандар бойынша жаңа атаулар таныстырылып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты.
Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы аумағында 404 көше мен 15 шағынаудандар орналасса, 5 шағынауданға мәслихат шешімі шыққан болса қалған 10 шағынауданға шешім шығару үшін және аудан аумағындағы атауы жоқ, атауы моральды тұрғыдан ескірген және атауы қайталанатын 55 көше бойынша хаттамалары дайындалып, шешім шығару үшін мәслихатқа ұсынылуда.
Әл-Фараби ауданында құрылған кезекші топ аудан аумағындағы Сәуле ш.а. Тұмарлы, Зерделі, Жеңістің 50- жылдығы көшелері, Самал 2 шағынаудандары, Жанкент, Байдала көшелері және т.б. көшелерде арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысын жүргізуде.
Бұл жұмыстарға » Build Stroi» ЖШС арнайы 10 техникасы, су тартатын 10 мотопомпа, және 30-ға жуық жұмысшысы жұмылдырылған.
Қонаев даңғылы мен Рысқұлов қиылысындағы айналма жолда насостар жұмыс жасап тұр.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.

Ұқсас ақпараттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «АСТАНА» АЛЛЕЯСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

smarttop

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР РУХАНИ ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру