4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҚЫС ДҰРЫС ТАСТАМАЙТЫН ТҰРҒЫНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

🔷 Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде іске асырылып келеді. Осыған орай, Экологиялық полиция қызметкерлері мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бірігіп рейдтік іс-шара ұйымдастыруда.

🔷 Нәтижесінде, белгіленбеген орындарға қоқыс тастаған, ластаған және тыйым салынған тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған орындар анықталып, тәртіпсіздік жасаған тұрғындарға айыппұл салынды.

🔷 Мұндағы басты мақсат – қоқыс тастаудың өзіндік мәдениетіне баулу.

Шымкент қаласының әкімдігі және қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша шаралар жүргізді. Қазіргі уақытта әкімшілік және полиция қызметкерлері Еңбекші ауданы орталық көшелердің бойында орналасқан қоқыс, құрылыс қалдықтарын шығарған кәсіпкерлік нысандардың иелеріне және тұрғындарға түсіндіру, ескерту жұмыстары бойынша рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі қоқыстарды қоқысқа арналып арнайы бөлінген орындарға тастамау. 🔷 Әкімшілік заңнаманы тек ұйымдар ғана емес, сонымен қатар үйлеріне немесе пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматттар да бұзады. Сондықтан қоқыс алаңшасының аумағына құрылыс қалдықтарын тастауға болмайтынын ескертеміз. Қала және елдімекен қағидаларын бұзған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 505-бабы бойынша айыппұл салынатынын назарларыңызға жеткіземіз.

🔷 Айта кетейік, «Әкімшілік құқық бұзушылық» Заңының 505-бабына сәйкес, қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бойынша тәртіпсіздік жасалу нәтижесінде:
1-ші рет ескерту н/е 20 АЕК (69 000 тенге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталанса 30 АЕК (103,500 тенге) айыппұл салынады.

🔷 Сонымен қатар, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы»
Заңының 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша тәртіпсіздік орын алса:
1-ші рет 5 АЕК (17 250 тенге) айыппұл салынады;
2-ші рет қайталсанса 10 АЕК (34500 тенге) айыппұл салынады!

🔷 Құрметті, қала тұрғындары!
Қала тазылығы – баршамызға ортақ міндет. Сол себепті,
Сіздерді қоршаған ортаға жанашырлық танытуға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға шақырамыз!

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 12 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты

smarttop

Пікір қалдыру