Бүгін шаһар басшысы Мұрат Әйтенов Ақтас және Ақтас 2 шағын аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді.
Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Ақтас шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылуда.
Аталған елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамту жұмыстары былтыр басталған болатын.
Ақтас шағы ауданы бойынша 16,6, шақырым, Ақтас 2 шағын ауданы бойынша 16,5 шақырым газ құбырлары тартылып, табиғи газбен қамту жұмыстары аяқталуда. Бүгінгі таңда тұрғындардың үй ішіне газ кіргізу дайындығы тексерілуде,-деді басқарма басшысы Б.Булатбеков.
Айта кетейік, қазіргі уақытта газ құбырларына сынама жұмыстары жүруде. Газ құбырлары тексеру жұмыстарынан өткеннен кейін газ беру жұмысы басталатын болады. Осыған орай, Ақтастықтар «ҚазТрансГаз» ШӨФ-ке қажетті құжаттар тапсырып, техникалық шарт алулары тиіс. Құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары рет-ретімен жүргізілетін болады.
«Табиғи газ желісі құрылысының жобасы әзірленіп, маусым айында жұмыстар басталған. Сараптама қорытындысы шықса, бюджеттен қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізіледі. Ал интернетке келер болсақ, қалада 43 нүктеге байланыс станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Ақтас-2 шағын ауданына да орнатылатын болады», — дейді әкім.
Сондай-ақ, онлайн қабылдауы барысында жер учаскесін заңсыз басқа азаматтарға берілгенін айтқан Ұлболған Мелдебаеваның мәселесін қала әкімі жеке бақылауына алды. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғынның арызы бойынша ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын бақылау комитетіне тиісті тексеру жүргізу үшін хат жолданғанын, тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес жұмыс жүргізілетінін айтты.
Қала әкімі тексеру барысында арнайы сала мамандары мен тиісті мердігер мекемелерге жұмыс сапасы мен газ беру жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі