3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАСТЫ МӘСЕЛЕ БАСПАНА

«Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк қызметкерлері 2 000 азаматқа қарыз берді. Бұл күн сайын 10-15 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкент тұрғындары жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін банкте тағы 18 мың жаңа салым ашты. Отбасы банктің жинақтаушы шоттарына деген мұндай сұраныс қарыздар бойынша мөлшерлемелердің қолжетімділігімен түсіндіріледі. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, біздің клиенттеріміздің тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар,» — деп түсіндірді Отбасы банктің Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.

Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістер мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.

Енді жылжымайтын мүліктің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік нысанының техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі.

Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ӘРБІР ҚҰРЫЛЫС САПАЛЫ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

smarttop

БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

“ҚАЙНАРБУЛАҚ” ПОДКЛЮЧЁН К ПРИРОДНОМУ ГАЗУ ПОСЛЕ ДОЛГИХ ОЖИДАНИЙ: РАБОТЫ ПО ГАЗИФИКАЦИИ ИДУТ ПОЛНЫМ ХОДОМ

smarttop

Пікір қалдыру