7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті. 🔷 Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті.Нәтижесінде көшелерді жарықпен қамту көрсеткіші 63%-дан, 70%-ға өседі. Сондай-ақ, биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Олардың қатарында Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы), Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі, Народовольцев (112-шағын ауданы), Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі, Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы), Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы), Чехов 8. Аққыстау (Қазығұрт шағын ауданы), Балапан Ата (4 шағын аудан), Спорт шағын ауданы (Ішкі орам көшесі), Әбдраимұлы (Самал-1 шағын ауданы), Қойбағаров көшелері, Металист – орталық көше, Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше, Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені, Таңатар — Құрсай елдімекені, Аққыстау – Құрсай елдімекені, Қармақшы – Құрсай елдімекендері бар.Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтқанда, 48 көшеде топосъемка жасалып, 38 көшенің жобасы әзірленді. Келісім шарт талаптарына сәйкес, аталған жобаларға маусым айында сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ ПІСЕТІН ӨНІМ ЖИНАЛАДЫ

smarttop

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШӘКІРТ ТЕГІН БІЛІМ АЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру