12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

«АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕ»

Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен оған қоршаған ортаның, жүтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, судың қүрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18-20 проценті ғана дәрігерлік-медициналық көмекке тәуелді екен.

Тұрғындардың денсаулығы — әрдайым басты назарда тұратын мәселе. Дені сау ұлт жарқын болашақтың кепілі. Оның үстіне халықтың басым көпшілігі МӘМС үшін қалтасынан ақша шығарып отырғандықтан, мемлекет соған сай медицина саласын дамытып, емдеу ісін сапалы әрі қолжетімді етуге тиіс. Бұл үшін емдеу орындарын соңғы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтудан бөлек, дәрігерлердің біліктілігін арттыру да қажет. Соңғы жылдары Шымкентте осы жағына жақсы көңіл бөлініп келе жатқанына куәміз. Бұрын кейбір оталарды Алматы не Астана барып жасату қажет болса, соның көбі өз қаламызда жасалуда. Бұл да үлкен жетістік. Ауырған адам емді алыстан іздеп, берісі Ташкент, Алматы мен Астанаға сандалып, арысы Корея, Түркия, Израиль елдеріне сандалып кетпеуі тиіс. Тіпті, Шымкент қаласының әкімдігі шаһарда медициналық туризмді дамытуды да жоспарларына қосқанын білеміз. Яғни, керісінше өзге өңірлердің адамдары ем алу үшін Шымкентке ағылып келіп жатса, нұр үстіне нұр ғой.

Тағы бір мәселе, ақпараттандыруды жолға қою керек. Осы мақсатта Шымкентте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың тапсырмасымен «Медициналық ақпараттандыру орталығы» (call center) ашылды.

Орталық нөмірі 8(7252)-41-75-03.

Енді қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын, сұрақтарын, арыз-шағымдарын телефонға қоңырау шалу арқылы жеткізе алады.

Ұқсас ақпараттар

Әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар

smarttop

АППАРАТ МӘЖІЛІСІ: КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЖЫЛУ, БАСПАНАМЕН ҚАМТУ, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

smarttop

ШЫҒЫС АЙНАЛМА ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру