5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӨНДІРІСТІК ҚАЛАҒА АЙНАЛУДА

Қала әкімі Мұрат Әйтенов те инвестиция тартуды, өндіріс орындарын ашуды айналысатын жұмысының алғашқы орнына қойған. Индустриалды аймақтарды да жиі аралап, қолға алынған жобалардың кедергісіз жүзеге асуын жіті қадағалап жүреді. Күні кеше ғана шаһар басшысы «Тассай» индустриалды аймағына барып, бірнеше өндіріс орындарын аралады.

Солардың бірі – жиһаз шығарумен айналысатын “ШЫМКАЙ” кәсіпорны. Әкім кәсіпорынға барып, жұмыс барысын көрді.

Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.

“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриалды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.

Сондай-а, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын да аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриалды аймағынан бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда айына 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.

Құрылысына 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған зауыт соңғы заманауи қондырғылармен жабдықталған. 37 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Өнімге пайдаланылатын шикізаттың 80 пайызы өз елімізде өндіріледі. Зауыттың сусын өндіру саласындағы тәжірибесі 25 жылға жуықтайды.

“Болашақ-7” ЖШС өнімін Қазақстан нарығына сатудан бөлек, Қырғызстан мен Өзбекстанға экспорттауда.

Зауыт басшылығы өнім көлемін қазіргісінен де арттырып, кеңеюді көздеп отыр. Бұл бастамасын қолдаған қала әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Шымкентке инвестиция салғысы келетін шетелдік кәсіпкерлер де аз емес. Мәселен, осыдан біраз бұрын Мұрат Әйтенов түркиялық инвестор “Milat Hali” компаниясының директоры Искандер Капланды қабылдаған еді. Кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстар сөз болып, үшінші мегополис мүмкіндіктері жан-жақты айтылды.

Кездесу барысында аталған компания құрылтайшылары одан әрі ынтымақтастықты арттыру мақсатында Шымкентте кілем және кілем бұйымдарын өндіруді іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

10 АЙДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

smarttop

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМДЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҮЛЕСІ 43 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАЙДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨРІСУ КҮНІНДЕ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру