4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

200-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ай сайынғы азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде.

Бүгінгі әкім қабылдауына 200-ден астам қала тұрғыны келді.

Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты.

Мәселелерге заң шеңберінде, тиісті сала мамандарының талқылауымен, жан-жақты шешім жолдары қаралды. Хаттамаға енгізілгендердің кейбірі шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде. Қоғамның мемлекетке деген сенімін үстейтін тағы бір мәселе мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін мемле­кеттік қызметтерді жетілдірудегі басым­дық­тар. Жолдауда сөз етілген білім, мәдениет, спорт, медицина, құқық салаларында азаматтарға көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасын көтеру мен олардың тиісінше қорғалуы негізгі мәселе ретінде күн тәртібіне енгізілген.

Тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру секілді мәселелердің тек заң аясында және кезегімен шешілетіні тұрғындарға тағы да түсіндіріліп өтті.

Қабылдауға келген 200-ден астам тұрғынның 130-на жуығын қабылдаған шаһар басшысы, осындай жүзбе-жүз кездесулер ашықтық пен шынайылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өкілетті орган жұмыстарын халық көзімен бағалауға мүмкіндік беруде екенін атап өтті.

Қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары, өңірлік департамент басшылары мен салалық басқарма басшылары да болды.

📍 Қала әкімінің бірыңғай жеке қабылдауында қоғамдық емес, жеке басқа қатысты мәселелер қаралатындықтан, мұнда БАҚ өкілдері шақырылмауда. Дегенмен, жеке мәселенің талқылану барысынан бөлек, жалпы фото және видео түсірілімін жасауға болатынын хабарлаймыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАРДЫ ТӨМЕНДЕТУ МАҚСАТЫНДА 6 ЖОБА БОЙЫНША ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Шымкенттік балалар Отан қорғауды үйренуде

smarttop

АГРОПРОМ ШАҒЫН АУДАНЫНДА САПАЛЫ ГАЗ ДА БАР, СУ ДА БАР

smarttop

Пікір қалдыру