3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӘСІПОРЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Биылғы қараша айында іске қосылатын IV жоба жүзеге асырылса, қосымша 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда кілем фабрикасында 230 жұмыс орны бар. 2022 жылдың басындағы мәлімет бойынша, жобаға құйылған инвестицияның жалпы құны 11,25 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорнында 2,5 млрд теңгенің жаңа жобасы жүзеге асырылады.

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан фабрика Қазақстандағы ірі кілем және кілем өнімдерінің өндіріс орны саналады. Кәсіпорын 2013 жылдың қазан айында іске қосылған. Ал 2015 жылы компанияда синтетикалық иірімжіпті өндіру бойынша II жоба іске қосылды. Қазіргі таңда өндіріс орнының қуаттылығы жылына 7 млн шаршы метр кілем бұйымдарын және 4 мың тонна синтетикалық иірілген жіпті құрайды.

«Bal Tekstil» компаниясының негізін қалаған Талғат Жүнісбекұлы, бірегей өндіріс тетігін жасап, өз ісінің хас шеберлерінен құралған мықты еңбек ұжымын даярлап, білікті көшбасшы ретінде фабриканы басқарып келеді. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде, өндіріс басшысы жыл сайын республикалық ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жаңа марапаттар мен құрметті атақтарға ие болуда.

Компанияның өнімдері ел ішінде де, шетелде де, атап айтқанда Ресейде, Қырғызстанда және Тәжікстанда сұранысқа ие. Өндірістік қуатты ұлғайту мақсатында компания 2019 жылы кілем бұйымдарын өндіру жөніндегі III жобаны іске қосты, бұл өз кезегінде кілем өндірісінің көлемін жылына қосымша 2 млн шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ұқсас ақпараттар

«ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫМЫЗ ҮШІН ЖҰМЫЛУЫМЫЗ КЕРЕК»

smarttop

КОРЕЙ ЭТНОСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

smarttop

Велосипед ұрлаған Шымкент қаласының тұрғыны анықталды

smarttop

Пікір қалдыру