Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасы» жобасы жалғасын тапты. Аталған жоба биыл өзінің үшінші кезеңінің шарты бойынша орта білім беру мекемелерінің оқушылары футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан сайысқа түсіп, өзара таласқа түсетін болады. ⠀ Аталған жарыстың негізгі мақсаты — жастардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын ояту, достық сезімін тәрбиелеу, балалар мен олардың ата-аналарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.⠀
Бүгінгі дүбірлі дода Абай ауданына қарасты № 23 мектеп-лицейінің спорт залында өтті. Жас спортшылар волейбол спорт түрінен ойын көрсетті.⠀⠀
—⠀Бүгін кестеге сәйкес, қыздар арасындағы волейбол ойынынан №56,⠀№4,⠀№23, № 118 мектеп оқушылары қатысты. Ал, Әл-Фараби ауданында волейбол, Қаратау ауданына баскетбол ойындары жүйелі өтуде. Футбол ойыны ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын, – деді Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ұлжан Төлен.⠀⠀
№23мектеп-лицейінде⠀болған сайыс жоғары дәрежеде өтті. Құрамалар жеңіс тұғырынан көріну үшін аянып қалмады. Әдемі айла мен әдісті оңтайлы қолдана білген⠀№23 мектеп командасы өз қарсыластарынан 2:0 есебімен алға шығып,⠀жеңімпаздар қатарынан көрінді.⠀⠀
— Жаттықтырушымыз жақсы дайындықтан өткізді. Соның арқасында барлық ойында үздік нәтижеге жетудеміз, – деді №23 мектеп-лицейінің команда мүшесі Маржан Сәуірбай. ⠀Айта кетейік, адамдардың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты. Бұл ретте спорттың да алатын орны ерекше. Осы ретте Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетейік, аталған барлық ойын түрінен жарысқа 138 мектептен 514 команда, 5926 оқушы қатысатын болады. Лига командаларын қолдау үшін мектеп командалары арасында фанклубтар жасақталған.⠀
«Шымкет келбеті»