9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ОТБАСЫ БАНК АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛУ КІМДЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ?

Бүгінде Отбасы банкпен жеке құрылыс компаниялары арасында ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісім шарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын немесе 50 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, өз сөзінде бұл формат қала тұрғындары үшінде өте ыңғайлы екендігін атап өтті.

Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне 1000-нан астам адам қатысты. Келушілерге жылжымайтын мүлік нарығының ұсыныстары таныстырылып, жәрмеңкеге алғаш келген 30 азаматқа банктің сыйлықтары табысталды. Қала тұрғындары құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай отырып, жеңілдікке ие болу қарастырылған.

Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банкпен 3 мыңнан аса азаматқа ипотекалық заем мақұлданған. Бұл күн сайын 11 адамның қолжетімді кредитті рәсімдеп, қоныс тойын тойлайтындығын білдіреді. Шымкентте “Отбасы банк” арқылы жинақтау және әрі қарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 27 мыңнан астам жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 11,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша әрі қарай кредит алу мүмкіндігі бар.

 

Ал, қаламыздағы Асар шағынауданының тұрғындары өз баспаналарын несиеге рәсімдеуде. Бұл шағынаудан көпшілікке әр үйде жеке жылыжайлары бар біркелкі үйлерімен жақсы таныс. «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясында ондағы 613 азамат “Отбасы банк” арқылы ипотекалық несие рәсімдеп, бағдарламаның талабында көрсетілген шарттарды орындауда.

Пилоттық жобаға енген 975 тұрғын үй де Асар шағын ауданында орналасқан.

Бұл үйлер 2010-2012 жылдары аталған бағдарлама шеңберінде Өзбекстан елінен көшіп келген қандастарға сатып алу құқығымен 8 жылға жалға берілген болатын. Енді тұрғындар «Нұрлы көш» пилоттық бағдарламасы аясындағы баспаналарды банк арқылы несиелік негізде рәсімдеулері қажет. Осыған байланысты арнайы жоспар бекітілген.

Осыны негізге ала отырып, «Отбасы банк» АҚ ШҚФ Қаратау ауданы әкімі аппараты, «Ел-Аманаты» қоғамдық бірлестігімен бірлесе тиісті жұмыстарды ары қарай жалғастыра бермек.

Иә, тұрғындардың баспана мәселесін шешу биліктің басты міндеттерінің бірі. Сондықтан қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі құрылыс жұмыстарының уақтылы әрі сапалы жүруін қатаң қадағалап отыр. Мәселен, осы жуырда Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданындағы жаңадан бой тіктеген тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексеріп, мердігер мекеме басшыларымен кездесті.

Атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, сала басшыларына жұмыстың мерзімінде орындалуын қадағалауды тапсырды.

Мұндағы 176 пәтер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы берілуде.

Шаһар басшысына тұрғындар тарапынан «Отбасы банкі» жариялаған конкурстың нәтижесі бойынша төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға пәтерлердің уақытынан кешіктірілгені жайында шағым түскен болатын. Осыған байланысты Мұрат Әйтенов жауапты мердігер мекеме басшыларымен құрылыс басында кездесіп, жұмыс барысын талқылап қатаң бақылауға лағанын ескертті.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗДИДЕНТ ЖАРЛЫҒЫ

smarttop

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛДАРЫН БАСҚАРМАЙДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАРАПЫНАН ТЕКСЕРУ

smarttop

Пікір қалдыру