-2.7 C
Шымкент
Пятница, 15 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДАҒЫ ОТБАСЫ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНУДА

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығы» және «Деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты: Жастарға отбасы құндылығы бойынша және бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың және жалпы зорлық-зомбылықтың алдын алу.Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен жалғасын табады. Мәселен, жанұядағы ата мен әженің рөлі де айрықша. Олардың дүниеге деген көзқарастары мен өзіндік талғамдары жасы кіші балаға өнеге болары анық. Кішкентай кезінен атасының, не болмаса әжесінің айтқандарына құлақ түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі. Тәлім-тәрбиенің негізі ата-анадан кейін қастарындағы жақын адамдардан үлгі алу арқылы қалыптасады, өзіндік жеке ұстанымдарды дамытуға септігін тигізеді. Сол бір сәтте баланың жанына демеу бола тұрып, оған тәрбиенің дұрыс берілуін қадағалау маңызды рөл атқарады. Ұлы Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі — ата-анадан, екіншісі — ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс. Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Аманкелді Нұрдаулет, Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім маманы Омарбаев Бектұрсын, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Қалдар Тунтекова, Жастар ресурстық орталығының мамандары Қыпшақбаев Рауан, Әлім Арайлым және «Достық» колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметтеу сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.

Ұқсас ақпараттар

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІ АЗАЙҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ КӨГІНДЕ ДОМБЫРАНЫҢ ҚОҢЫР ҮНІ ҚАЛЫҚТАДЫ

smarttop

12.06.2023 ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ

smarttop

Пікір қалдыру