3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

САУДА БАЗАРЛАРЫНЫҢ  ЖАҢАРУДАН ӨТУДЕ

Шымкент қаласындағы 12 базарда реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Тағы 7 базарда осындай жұмыстар жалғасып жатыр екен.
Мамандардың айтуы бойынша, ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Заң талаптарына сәйкес, Шымкенттегі 19 базар модернизациядан өтуге жатады.
Оның ішінде 12 базарда, жоғарыда айтқанымыздай, реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай (Алатау)», «Акбар», «Иманалиев» мал базары», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа» және «Көмеш бұлақ» базарлары талапқа сәкестендірілген.
Ал, «Авто Нұр», «Орталық қырғы базар», «Алаш», «Айна», «Дархан», «Самал», «Нұр Сайрам» базарларында модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, бұл базарлар сауда қызметін ұйымдастыру қағидаларына, оның аумағын күтіп-ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкестендірілуде.
Ресми деректерге сүйенер болсақ, биыл «Нұр Сайрам» және «Дархан» базарларында қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталады.Қала базарларын заманауи үлгіге көшіріп, сауда мәдениетін өркениет деңгейіне жеткізу – бүгінгі күннің заман талабы. Бұл орайда, Мемлекет басшысы ұйымдастырылмаған базарларды жауып, жабық заманауи сауда орталықтарын салу қажеттігін айтқан болатын. Көше жағалай жүріп, саудаласуға қарапайым тұрғындардың да ниеті жоқ. Жауапты сала мамандары да заманауи сәулет-құрылыс талаптарына сай келмейтін жайма базарлардың уақыты өткенін, бұл мәселе қатаң бақылауда тұрғанын айтады. Осы орайда біз қаладағы бірқатар сауда орындарында болып, бүгінгі ахуалымен танысуды жөн көрген едік.
Шымкент қаласының қонақтары мен тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында базарларда ақпараттық стендтер орнатылған. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық, ветириналық талаптарға сәйкес келтіру бойынша да жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

smarttop

ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ МӘҢГІЛІК САҚТАЛАДЫ!

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: ХАЛЫҚҚА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ҮШІН АУЫЗСУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

smarttop

Пікір қалдыру