9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРАМЫ  КЕҢЕЮДЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында берген тапсырмасы негізінде қаламызда «Бірлік алаңы» коворкинг орталығын алғашқы болып ашылды.«Бірлік алаңы» кеңсесі негізгі 4 бағытта қызмет көрсетуде.Қалада 563 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның қазіргі таңда 100-ге жуығы белсенді.Азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы» жобасы аясында қаламыздағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» ашылды.«Азаматтық ресурстық орталықтың» жұмысын үйлестіруші  Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығының бірлестігі болып табылады. Қауымдастықтың құрамына қаламыздағы 58 ұйым біріктірілген.Орталықтың мақсаты үкіметтік емес секторды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық өтінімдерді толтыру, азаматтық қоғамды дамыту бойынша ақпараттық, әдістемелік және консультациялық қызметтер көрсету, ҮЕҰ-ға арналған кездесулер мен диалог алаңдарын ұйымдастыру болып табылады.Жылдың басында «Азаматтық ресурстық орталықта» үкіметтік емес ұйымдардың қала тұрғындарымен кездесу кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес,  20-ға жуық қоғамдық бірлестіктер атқаратын жұмыс бағыттарына қарай тұрғындарды толғандырған мәселелері бойынша 45 рет қабылдау жүргізді. Нәтижесінде, салалық мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданып, көтіреліген мәселелер бақылауға алынды.Орталықта жұмыс жасайтын мамандар есепті мерзімде   117 ҮЕҰ-ға және 450-ден астам жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмектер көрсетті.

2022 жылғы жоспар бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 21 іс-шара ұйымдастырылуда. Олардың ішінде: «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру», қалаға жаңадан қосылған және шеткі аймақтардағы тұрғындарға арналған құқықтық сауаттылық, өмірлік маңызды дағдылар және спорттық сайыстар өткізу, «Таза қала» акциясы, адам саудасы және күштеп ұстауды болдырмау бағытындағы құқықтық кеңес көрсету әлеуметтік жобасы, қаржылық және интернет-алаяқтыққа, экономикалық және мүліктік қылмыстарға қатысты халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобалары нәтижелі жүзеге асуда.

Өз кезегінде, қаламызда азаматтық қоғамның белсенділігі артып келеді. Бұған дәлел Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына 11 азаматтық қоғам өкілдері енгізілді.

Ата Заңымызға толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша референдумның маңызын түсіндіру жөніндегі қоғамдық штаб  құрамына және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының ақпараттық-насихаттық жұмыстарына үкіметтік емес ұйым өкілдері тартылып, түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысты.

Сонымен қатар, қаладағы азаматтық қоғам өкілдері республикалық «Жомар жүрек — 2022» байқауына белсенді қатысып, «Жылдың үздік қамқоршысы» — «Қазақстанның қызыл жарты ай одағы» қоғамдық бірлестігі, «Жыл тұлғасы» — Жакипбаев Асхат Қойшыбекұлы «Жылдың үздік ұйымы» — «MEYIRIM.KZ» қайырымдылық қоры аталған номинациялар бойынша жеңімпаз атанды.

Ұқсас ақпараттар

Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай семинар-дәріс өтті

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Полицейлер мереке қарсаңында күрді халқының шаңырағында болды

smarttop

Пікір қалдыру