Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады. Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады. Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені — 42 метр, 6 жолақты. Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған. Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, қала әкімі Өтегенов көшесінің 1-кезеңі Шымкент Сити шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Бүгінде жол құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр, ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Нысанда алдымен автомобиль жолына жер негізін салу және тығыздау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда асфальт жабындысының 2-ші қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, шағал тас төсеу, ирригациялық жүйелер, тротуар орналастыру жұмыстары толығымен аяқталды. 2-кезеңде Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы — 1,2 шақырым, ені — 28 метр. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған. Қазіргі таңда жол негізін салу, асфальт жабындысын төсеу жұмыстары, жаяу жүргіншілер жолын салу және суағарлар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға жұмыс барысын ширатып, нысанды мерзімге сай жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі