13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК, ИНДУСТРИАЛДЫ ЖОБАЛАР

Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 млрд. теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған.Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 млрд. теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған.Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 млрд.теңгені құрайтын  6 инвестициялық жоба 520 жаңа жұмыс орнымен іске асырылды. Сонымен қатар, жалпы аумағы 749 га құрайтын 4 өндірістік алаңды құру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2022 жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша 101 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (заңды тұлғалар – 19,1 мың бірлік, жеке тұлғалар – 77,5 мың бірлік, шаруа қожалықтары – 4,3 мың бірлік), өткен жылдың сәйкес кезеңіне бұл көрсеткіш 39%-ға өсім көрсетті. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 179,9 мың адам жетіп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға өскен.

Өндірілген өнім көлемі бойынша 2022 жылдың   1-тоқсанында 317,3 млрд. теңгені құрап, 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,1%-ға артқан.

2022 жылдың қаңтар-наурызда шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 36,2%-ды құрады.

Бірінші – «Жұлдыз» индустриялық аймағы. Жалпы алаңы 306 га құрайды. Бүгінгі таңда инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Іске қосу мерзімі – 2023 жыл. Аталған аймақта құны 200 млрд. теңгеге 50 ірі жобаны іске қосып онда 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Оның ішінде 130 млрд. теңгеге 25 жобаға жер учаскесі ұсынылды.

Екінші – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша 175 га кеңейту. Іске асыру мерзімі 2022-2024 жж. Аталған аймақта құны 150 млрд. теңгеге 30 ірі жобаны іске қосып онда 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Үшінші – «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру. Жалпы алаңы 132 га құрайды. Бүгінде инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде. Жоба 2 кезеңде іске асатын болады. 1 кезең 2023-2024жж. 2 кезең 2024-2025 жж.

Жалпы бұл аймақта 23 млрд. теңгеге 21 жобаның пулы жасақталған.

Төртінші – Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га кеңейту. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2027жж. Аталған аймақта 86 млрд. теңгеге 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА  ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЬМНІҢ КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН КЕШЕНДІ ШЕШУ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Шымкент қалалық ҚХА «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Атырау облысына гуманитарлық көмек жолдады

smarttop

Пікір қалдыру