0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Шымкент қаласы бойынша 9 айында халық саны 1 128 423, онын ішінде сақтандырлғандар 902 588 (80%), сақтандырылмаған азаматтар 225 835 (20%).

Аталған сұрақ, кеше 18.10.2022 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік штаб отырысында қаралды.

Шымкент қалалық әкімшiлігне Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің № 01-15/9442-И санды 30.09.2022 жылғы «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін кемінде 22 мың адамның баламалы әдісін пайдалану арқылы сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесінде қамтамасыз ету» жайлы хаты жолданған.

Аталған сұрақтарды қарау нәтижесімен Штаб төрағасымен бір қатар тапсырмалар берілдігін, — деп айтып өтті филиал директоры Сәбит Құралбек.

  • Шымкент қаласының білім саласында 800-ге жуық объектілері арқылы 420 мыңға жуық азамттармен байланыс орнатуға мүмкіншіліктер бар, яғни Шымкент қаласы тұрғындарының үштен бірін қамтуға болады.
  • Мектеп директорлары, мұғалімдерімен «Өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айды төлеп, 15 айға сақтандырылған бол» тақырыбында ата аналар жиналысында түсіндірме жұмыстарын жүргізу (әрі қарай ата-аналарға мәлімет жеткізу мақсатында).
  • Шымкент қаласының аудандық әкімнің орынбасарларының қатысуында кәсіптік, жоғары оқу орындарында «МӘМС жүйесінде өзінің мәртебеңді анықта» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
  • Шымкент қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығы, сауда орталықтарында, қоғамдық көліктерде, базарларда және азаматтар көп жүретін жерлерде «Өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айды төлеп, 15 айға сақтандырылған бол» тақырыбында экрандардың жүгіру жолдарында айналдыруға.
  • Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасы және Филиалмен «Медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болыңыз!» тақырыбында қазақ, орыс тілдерінде дайындалған, әлеуметтік жиеліде парақшаларды Штаб мүшелеріне, әкімдік басқарма басшылары, аудандық әкімшіліктер, полиция департаменті қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының қызметкерлері, Әділет департаменті қызметкерлері, Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері, бизнес өкілдерімен халық арасында кеңінен таратуға (Азаматтық таныту мақсатында) шақырылды.
  • Осы жұмысқа Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар ісі басқармасына волонтёрларды, жастар тобын қатыстыруға шара көру ұсынылды.

Құрметті журналистер! Осы сәтті пайдаланып, Сіздерден де «Медициналық сақтандыруға өткен жылдардың қарызын төлемей, алдағы 12 айға жарна аударып, 15 айға сақтандырылған мәртебесінде болыңыз!» тақырыбында халыққа кеңінен ақпарат берілуріңізді сұраймыз, — деді филиал директоры Сәбит Құралбек.

 

Ұқсас ақпараттар

ШАҺАРДЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ШІЛДЕДЕ ҮКІМЕТТІҢ БЕКІТУІНЕ ТАПСЫРЫЛАДЫ

smarttop

ШАХМАТ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ СУ ҚҰБЫРЫ ЖЕЛІСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА: ТОЗҒАН ЖҮЙЕ ТОЛЫҚ АУЫСТЫРЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру