9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТӘРТІП БҰЗҒАН АВТОБУС ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫЛДЫ

Шымкент қаласында жол қозғалысының және жолаушылар тасымалдаудың тәртібін бұзған қоғамдық көлік жүргізушілері жұмыстарынан шығарылды. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері хабарлады.
Жауапты мамандардың мәліметінше, биылғы 14 желтоқсан күні «Іnstagram» желісіндегі аккаунттардың бірінде жүргізушілердің арасында орын алған қақтығыс туралы бейнеролик жарияланған. Басқарма мамандары осы оқиға бойынша ішкі тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 2022 жылғы 14 желтоқсан күні сағат 17:00 шамасында «Shymkent Bus» ЖШС-не тиесілі №34 бағыттағы автобустың (мемлекеттік нөмірі – 802 АЕ) жүргізушісі Т.Н. және №21 бағытта қатынаайтын автобустың (мемлекеттік нөмірі –792 АЕ) жүргізушісі Б.С. арасында қақтығыс болғанын анықтайды.
Бұған қоса сол күні сағат 19:00 шамасында «Радуга-Транспорт» ЖШС-не тиесілі №56 бағыттағы автобустың (мемлекеттік нөмірі – 821 АН) жүргізушісі Н.Ө. және №34 бағыттағы автобустың (мемлекеттік нөмірі – 897 АЕ) жүргізушісі Б.Б. арасында да осындай жағдай орын алғаны белгілі болады.
Осыған байланысты «Shymkent Bus» және «Радуга-Транспорт» ЖШС басшылығы тарапынан қызметтік тексеру жүргізіліп, жүргізушілер құрамы мен жол қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлердің қатысуымен жиналыс өткізілді, жұмыс барысында қоғамдық тәртіпті, жолаушыларды тасымалдау және жол қозғалысының ережелерін сақтау бойынша талап қойылды.
Ал көлік компанияларының басшылары тәртіп бұзған жүргізушілермен арадағы еңбек шарттарын бір жақты бұзды.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІСТІК АЙМАҚТАР САНЫ АРТАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 11500 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді

smarttop

ҚР ТЖ МИНИСТРІ АРИНОВ ЧИНГИС ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру