Smarttop.kz

КАТАРДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы бірлесе отырып, Катар мемлекетінің астанасы Доха қаласында арнайы таныстырылым шарасын өткізді. Әлемнің ең бай елдерінің бірі — Катардың туроператорлары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан шараға қызығушылық танытқан инвесторлар да бой көрсетті. 🔷 Шараның негізгі мақсаттарының бірі — өңірдің негізгі турагенттері және туроператорларымен b2b кездесулер өткізіп, байланыс орнату, елімізді танытып, туристер тарту. Айта кетейік, осыған дейін әлемнің түкпір-түкпірінен туризм және авиация саласындағы түрлі ірі компаниялары қатысқан роуд-шоу Сауд Арабиясында да өткен болатын. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ЦИРК ҒИМАРАТЫН ЖӨНДЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 73 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру