19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

СПОРТ АЛАҢЫНДА — ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Шымкент қаласында діни конфессия өкілдері арасында спартакиада ойындары өтті. Аталған іс-шара Шымкент қаласы әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өтіп отыр. Онда түрлі діни бірлестіктердің атынан шыққан 8 команда өнер көрсетті. Жарыс спорттың 3 түрі, атап айтқанда, футбол, үстел теннисі және шахмат бойынша ұйымдастырылды.
—Тәуелсіздік күні – еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі. Осы тәуелсіздіктің арқасында Қазақ елінде Ислам діні қанатын кеңге жайып, халқымыз ата-бабамыз ұстанған асыл дінімен қайта қауышты. Бүгінде елімізде ұлтаралық татулық пен конфессияаралық келісім сақталып отыр. Біз бүгін осы татулық пен бейбітшілікті нығайта түсуге үлес қоссақ деген ізгі ниетпен дін өкілдері арасындағы спартакиадаға қатысып жатырмыз, – деді ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберді.
Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында ҚМДБ-на қарасты 89 мешіт және түрлі конфессия өкілдерінің 31 шіркеуі бар.
«Шымкент келбеті»,
Фото: Серік ҚОСАЕВ.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА ЗАМАНАУИ ЭНДОВИДЕОХИРУРГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ОРНАТЫЛУЫМЕН ЖОҒАРҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОТАЛАР ЖАСАЛУДА

smarttop

«Жайлы мектеп» жайлы жайсыз хабар: Отандық «жемқор» компаниялар түріктермен ауыз жаласып отыр ма?

smarttop

Елімізге шетелден бөлшектелініп әкелінген көліктерді тіркеуге рұқсат етілді

smarttop

Пікір қалдыру