Smarttop.kz

САПАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛУ- ХАЛЫҚТЫҢ БАСТЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БІРІ

Шымкенттегі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынға арналған. Аурухана құрамында клиника- диагностикалык зертхана, бактериологиялык зертхана, провизорлық дәріхана, орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімі, физиотерапевтикалық және сәулелік диагностикалау бөлімі қызмет атқарады.
Қазір мұнда 234 науқас емделуде. Оның ішінде 161-і балалар. Сондай-ақ ауруханада коронавируске шалыққан 16 науқас ем алуда.
Бүгін Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек жұқпалы аурулар ауруханасында болды. Басқарма басшысы қабылдау бөлімінен бастап, емдеу бөлімшелерін аралап шықты.
Дәрігерлермен кездескен басшы қауіпті инфекциямен күресте аурухана мамандарының қызметі маңызды екендігін атап өтті. Осы ретте азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурсты жұмылдыру қажеттігін айтып, сапалы медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА 350 АЗАМАТ ӨТІНІШ БІЛДІРДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК ШАРТЫ – ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ АРАСЫНДА ТҮЗІЛЕТІН ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТ

smarttop

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

Пікір қалдыру