18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

АГРС-3 САҒАТЫНА 250 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР КӨГІЛДІР ОТЫН ТАРАТУҒА ҚАУҚАРЛЫ

Шымкент қаласы үшін стратегиялық маңызы зор нысанның бірі – АГРС-3 (Автоматтандырылған газ тарату станциясы). Бүгін шаһар басшысы аталған станцияның қыс мезгіліндегі қуаттылық режимін тексерді.
АГРС-3 сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы. Яғни, №3 автоматтандырылған газ тарату нысаны қаланың барлық көгілдір отынға деген сұранысын жауып отыр. Оның ішінде әлеуметтік, кәсіпкерлік және өндірістік мекемелер де сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтылған.
Газ тарату станциясын аралау барысында қала басшысы бұл нысанның стратегиялық маңыздылығына қайта тоқталып, басқарма мен мекеме басшыларына сапалы сервис пен қауіпсіздікті сақтауда ұқыптылықтың маңыздылығын айтып өтті.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«Бақытты мекен» жобасы аясында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

«ҚЫЗДАР КЕҢЕСІ» МЕКТЕБІ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

Пікір қалдыру