4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БРЕСТ ҚАМАЛЫН ҚОРҒАҒАН

🔷 Ұлы Отан соғысының ардагері Мұратәлі Төлепбергенұлы — 98 жаста. Қазіргі таңда 2 ұл, 6 қыздан 40 шақты немере шөбере сүйіп отырған әулетті қария. Отан үшін от кешкен майдангер Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» ордендерімен марапатталған. Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы 20 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген. Жекелеген болжамдардың айтылатыны болмаса, бұл сауалға нақты жауап жоқ. Соғыс басталған кезде Брест қаласында 30 ұлттың өкілінен құралған 7-8 мыңдай әскер болған екен. Ал олардың ішіндегі қазақстандық жауынгерлердің нақты санын анықтауда тарихшылар әлі күнге дейін бір пікірге тоқтай алмай отыр. Олар ұсынған Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың ұзын саны 400 бен 4000 адам аралығында. Кеңес өкіметі кезінде бар-жоғы 29 жауынгер ғана Брест қамалын қорғаушы ретінде мойындалыпты. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Лейла Ахметова қаланы жаудан қорғауға бұдан бөлек тағы 432 қазақстандықтың қатысқанын айтады. Оның айтуынша, 1940 жылдың 6-ақпанында Алматы мен Талдықорған облыстарынан жүздеген жауынгер әскери борышын өтеу үшін Брест қаласына аттаныпты. Жолда оларға Жамбыл облысынан 120 жігіт қосылған. Ғалым бұл мәліметтердің барлығын құжат жүзінде дәлелдеп отыр. «Бірақ «Қаһарман Брест қамалы» мемориалды кешенінде 53 қазақстандық туралы ғана мәлімет тіркеліпті, – дейді Лейла Сейсембекқызы. – Ал Брест гарнизонының мұрағатында тек 38 қазақстандықтың құжаты сақталыпты. Жауынгерлер мен сержанттардың бір тобы қамал сыртындағы бес бекіністе немістерге қарсы соғысқан, тағы бір тобы партизандарға қосылады. Қалған бөлігі тұтқынға түседі. Олардың біразы кейіннен елге оралды». Сонымен қатар тарихшы қамалды қорғауға қатысқандардың 97%-ы қазақ ұлтының өкілдері екенін анықтап отыр.🔷 Соғыста көрсеткен ерліктері үшін ІІ–ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны женгені үшін» және мерекелік медальдармен марапатталған. 🔷 Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған майдангер елге 1950 жылы оралды. 🔷 1950 жылдан 1953 жылға дейін Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958–195 мг9 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959–1965 жылдары Калинин колхозы фермасының меңгерушісі болған. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА ⠀

smarttop

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

smarttop

«ҒЫЛЫМ МЫҚТЫ БОЛСА, МЕМЛЕКЕТ ТЕ ҚУАТТЫ БОЛАДЫ»

smarttop

Пікір қалдыру