Smarttop.kz

БІЛІМ БЕРУ ІСІМЕН АЙНАЛЫСУҒА ЛИЦЕНЗИЯ МЕН ҚОСЫМШАНЫ АЛУ ҮШІН 242 ӨТІНІШ ТҮСКЕН

Департаментке биыл білім беру ісімен айналысуға лицензия мен қосымшаны алу үшін 242 өтініш түскен, оның ішінде жаңа біліктілікті немесе белгілі білім деңгейін алуға 57 колледж, 68 мектеп, 90 мектеп алғашқы лицензияны алуға 90 мектеп, лицензияны қайта ресімдеуге 27 білім беру ұйымы өтініш білдірген. Өтінімдерді қарастыру барысында 143 өтініш кері қайтарылды.
Өтінімдердің кері қайтарылу себептері: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының орындалмауы және құжаттардың талапқа сай болмауы.
Өтінімдерді қарастыру барысында білім беру ұйымдарындағы педагог мамандардың сапалық құрамы талапқа сай келмеуі, жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болмауы, пәндер бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының жалпы саны, білім алушылар санына шаққанда тиісті мөлшерді құрамауы және материалдық-техникалық базасының толық жабдықталмауы анықталған.

Ұқсас ақпараттар

Шымкент: Еңбекшінің полицейлері ІІМ әйел-зейнеткерлерін Халықаралық мейраммен құттықтап, құрметке бөледі

smarttop

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ БАЛАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА 39 КАБИНЕТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 62 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру