22.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ: ШЫМКЕНТТЕ БАЛАНЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА 39 КАБИНЕТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Дені сау бала» бағытында баланы дамыту үшін 39 кабинет жұмыс істейді.

Бұл туралы бүгін №6 қалалық емханада өткен Ақпараттық-коммуникациялық орталықтың көшпелі брифингі барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы И.Глазебная мәлімдеді.

Тәжірибелі медицина қызметкерлері ерте жастағы балаларға проактивті скринингтер жүргізеді, ата-аналарды бала күтіміне, емшек сүтіне, қосымша тағамдарды енгізуге үйретеді.

Жалпы балалардың, мүгедек балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін 7 кейс бойынша жұмыс жасалуда. Бұл жобаға меншік нысанына қарамастан, қаланың барлық медициналық ұйымдары қатысып отыр.

Атап айтқанда, «Арман жолы» кейсінде 2022 жылдың 6 айында 3773 бала оңалтудан өтті, өткен 2021 жылдың 6 айымен салыстырғанда 29,7%-ға көп (2021ж.6 ай — 2908 бала).
Оңалтудан өткен балалардың 1 891-і немесе 50,1% мүгедек балалар (2021ж. 6 ай — 920 бала, 31,6%).
«Оқушы денсаулығы» бойынша қала мектептерінде 140 медициналық пункті жұмыс істейді. Мектеп оқушыларының профилактикалық тексеруге жататын 225 737 баланың 146 729-ы, яғни 65% тексеруден өтті, жасына сәйкес иммундаумен 33% (жоспар 30-33,2%) қамтылған.
Қалада «Ерте анықтау-табыс кепілі» бағытында 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту 2022 жылға жоспарланған 86%-ң орнына нақты проактивті скринингтен 76039 жататын балалардың 64245-і өтті, бұл 84,5%- ды құрады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 оңалту орталығында, Шымкент қаласының басқа да медициналық ұйымдарында халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалардың денсаулығы мәселелері бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, БМСК ұйымдарында — 1062 анаға және 1106 балаға кеңес берілді.
Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық оталығы

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов Жедел басқару орталығының қызметін тексеріп шықты

smarttop

Құрметті қала тұрғындары!

smarttop

ШЫМКЕНТ БЕСІНШІ РЕТ “АЛТЫН БЕЛГІГЕ” ИЕ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру