Smarttop.kz

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте «Арбат» демалыс аймағы мен «Қиял әлемі» техносаябағында «Қош келдің, Жаңа жыл!» мерекелік іс-шарасы басталды. Шымқаладағы жауып жатқан ұлпа қар мерекенің шырайын кіргізді.
«Қиял әлемі» техносаябағында Шымкент қаласындағы театр әртістерінің қатысуымен балаларға арналған «Батыр көжек», «Сиқырлы сәбіз», «Морозко», «Супер сыйлық» ертегілері, цирк және театр әртістерінің қатысуымен Жаңа жылдық мерекелік шеру, цирк өнерпаздары жас көрермендер арасында интерактивті ойындар ойнатылды. Ойын жеңімпаздарына Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтар үлестірді.
Қуыршақтар шеруі келушілерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Опера және балет театрының әртістерінің қатысуымен «Happy New Year» ашық аспан астында классикалық әуендер орындалып, жергілікті өнерпаздардың қатысуымен «Жап-жаңа жаңа жыл» мерекелік концертін ұсынды. Сонымен қатар, шымкенттік қолөнершілердің жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Мерекелік іс-шара «Әл-Фараби» алаңында сағат 21:00-02:00-ге дейін «Қош келдің, Жаңа жыл!» өнер жұлдыздардың қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласады.
Келіңіздер, көріңіздер!
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА ТАССАЙЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

ШЫМКЕНТ СПОРТҚА АҚША БӨЛУДЕН РЕСПУБЛИКАДА 1 ОРЫНДА ТҰР

smarttop

Пікір қалдыру