19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Үшінші мегаполис тұрғындары мен қала қонақтары жаңа жылдық мерекелік концертті тамашалады. «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты салтанатты іс-шараға елімізге танымал өнер жұлдыздары қатысты.
Мерекелік бағдарламаны «Байдың балалары» көңілді тапқырлар клубының мүшелері жүргізіп, әзіл-қалжыңдарын сыйлады. Концертте Майра Мұхамедқызы, Тамара Асар, Төреғали Төрәлі, Еркін Нұржанов, Наркенже Серікбаева, Заттыбек Көпбосынұлы, Қайрат Түнтеков, Shiza, Qali, Rise, Бейбарыс, Сағын Өмірбайұлы, «Жұмыр қылыш», «FM» тобы қатысып, өнерлерін көпшілікке паш етті, шымкенттіктер мен қала қонақтарын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Әл-Фараби алаңында сағат 21:00-де басталған концерт соңы мерекелік отшашуға ұласты.
«Шымкент келбеті»
Фото – Серік Қосаев

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

Полицейлер 2 жыл іздеуде жүрген күдіктіні тауып, қамауға алды

smarttop

«AZALA COTTON» ӨНДІРІС КӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУДА ЖАҢА ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру