22.3 C
Шымкент
Пятница, 23 мая, 2025
Smarttop.kz

ТІКЕЛЕЙ ҰШАТЫН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР САНЫ КӨБЕЙЕДІ

Биыл Шымкенттен тікелей ұшатын Халықаралық рейстер саны артады. Бүгінгі таңда ішкі рейстер қатарында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары болса, Халықаралық рейстер бойынша Дубай, Стамбұл, Пхукет, Медина қалаларына Шымкенттен тікелей ұшуға болады. Ал жақын күндері Кутаиси бағыты қайта жаңарып, Душанбе мен Анкараға жаңа тікелей бағыттар ашылады.

Келуші туристер мен тұрғындар үшін қалада MICE, яғни оқиғалы іс-шаралар туризміне кеңірек көңіл бөлінбек. Мәселен, Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы тарапынан биыл көктемде «Менің гүлді аулам», «ДәмДәсTour», «Mobilography Fest» іс-шаралары ұйымдастырылмақ. Әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында өтетін «ДәмДәсTour» ресторандар жәрмеңкесіне арнайы келушілер саны көп болады деп күтілуде.

Жалпы, өткен жылы Шымкент қаласына 9 айдың ішінде 311 895 адам келген. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 238 197 адамды құраған болатын. Алматы, Астана және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, АҚШ, Корея және басқа да елдер мен қалалардан іскерлік, жеке және кәсіптік мақсатта Шымкентке келушілер саны басым. Аталған басқарма биыл туристер санын 400 мыңға жеткізуді жоспарлаған. Бұл ретте, сыртқы байланысты жандандырып, Шымкенттің туристік танымдылығын арттыру мақсатында биылға жоспарланған БАӘ-нің Бас консулдығының ашылуы, Литваның Каунас қаласымен бауырлас қарым-қатынас орнатуы да ықпал етпек.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 285 ЖАСҚА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОҚУ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

smarttop

БАСТЫ МАҚСАТ – АШЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

smarttop

Пікір қалдыру