13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

А.БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҚҰРЫЛЫСЫ БІТУГЕ ЖАҚЫН

Шымкентте ескі мектептер күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі – А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы. Құрылыс жұмыстарын көруге арнайы барған шаһар басшысы жауапты тұлғаларға тапсырылған істің сапалы орындалуын талап етті.
Қазіргі таңда А.Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының ішкі бөлмелері сыланып, есік, терезе, электр жүйелері жаңартылуда. Алғашқы әскери дайындық, робототехника, биология, химия, физика кабинеттері де заман талабына сай жабдықталды. Қосымша су жаңа 500-ноутбук, 150 компьютер, 100 планшет сатып алынды.Жаңа мектептің шырқы жаңа буынмен белгілі болмақ. Әр оқу деңгейі мектеп көрсеткіші демекші, мектептің жаңаруы осы білім жүйесінде жақсармақ.Мектептің құрылыс мерзімінен ерте өткізуге тырысып жатқанын айтып жеткізді. Мектептің  шекерасын қоршап, жан- жағын ретке келтіріп қоқыстарын жинастырылынып жатқаны туралы айтып өтсек болады. Жаңа мектеп  жаңа буын жаңа білім, құрылыс жұмыстарын   бақылауда және жөндеу жұмыстарын ерте бітіруіне атсалысып жатқан  мекемеге арнайды. Мектеп жаңалықтарында жаңа мектептің ырғағымен білім беру жүйесі жақсарады.

Жоба бойынша мектептің шатырын, есіктері мен терезелерін жаңартып, электр құрылғыларын қайта орнатудамыз және әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен ерте тапсыруды жоспарланып отыр. Жалпы, біз жобадан бөлек өз қаражатымыз есебінен мектепке кіргендегі ұзын дәлізді, мектеп сыртын әрленіп беріледі.
Ғимаратты аралау барысында шаһар басшысы жұмыстың жүйелі түрде атқарылып жатқанына көз жеткізді. «Құрылысты мерзімінде тапсыруға асығамыз деп, сапаны естен шығармайық»-деген қала әкімі тиісті сала басшыларына құрылыс қарқынын жіті бақылауды тапсырды.
Мұнда күрделі жөндеу жұмыстарының 65%-ы біткен. Ендігі кезекте «отмостка» құю, сыртқы қоршауды салу, көгалдандыру сынды шаруалар атқарылуы тиіс.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фотоға түсірген Береке Сейітжаппар

Ұқсас ақпараттар

Құрметті қала тұрғындары!

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУДАН, ҚАЛА ӘКІМДЕРІНЕ ҚАТАҢ ТАЛАП ҚОЙДЫ

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру