25.4 C
Шымкент
Суббота, 6 июня, 2026
Smarttop.kz

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБТА ӨҢІРЛІК БРЕНДТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында өңірлік брендті дамытуда маңызды жобалар мен олардың өзекті мәселелері талқыланды. Жеке кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысқан жиында негізгі капиталға салынған инвестициялардың орындалуы және алдағы жоспарлар баяндалды.
Инвесторлар тарапынан жеңіл және тамақ өнеркәсібін, ауылшаруашылығын дамытуға қатысты сонымен қатар әлеуметтік нысандар салуға бағытталған жобалар таныстырылды.
Жергілікті кәсіпкерлер әкімдіктің қолдауымен өндірісті кеңейтуге мүмкіндіктері бар екендерін жеткізді.
Қала басшысы инвесторлармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтып, индустриалды аймақтардан жер бөліп, инфрақұрылым мәселелерін шешуге сондай-ақ жеңілдетілген салықтық төлемдер бойынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Бұл бағытта тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫН ТИІМДІ ІСКЕ АСЫРУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ЖАУАПТЫЛАРҒА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЕЗ АРАДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

СУ БАСУ ҚАУІПІ БАР АЙМАҚТАР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

smarttop

Пікір қалдыру