Smarttop.kz

Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет — жұмыссыздық деңгейін төмендету

Қаламыздың еңбек индикаторындағы негізгі міндет — жұмыссыздық деңгейін төмендету. Бұл бағытта Түркістан қаласында 2023 жылдың ІII-тоқсанында бір шама нәтижелі көрсеткіштерге қол жетті.
Жүйелі жұмыстар нәтижесінде «Еңбек» бағытына 7 143 азаматты қатыстыру жоспарланса, осы жылдың 9 ай қорытындысымен 6 501 азамат белсенді шараларға тартылды. Атап айтсақ, 3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылса, 201 азамат уақытша ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды.
Сондай-ақ Түркістанда 535 жас түлек «Жастар практикасымен», 102 жас — алғашқы жұмыс орындарымен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы аясында жұмыспен қамтылса, 1 242 тұрғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды.
Кәсіпкерлікті қолдау шаралары бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі. 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына комиссия шешімімен қайтарымсыз грант қаражаттары берілді. 29 азамат мемлекет тарапынан өз кәсібін ашу үшін шағын несие иегері болды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАЛАНЫҢ 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫМЕН БІРГЕ, ХАЛЫҚ САНЫ 1,2 МЛН АДАМНАН 1,9 МЛН АДАМҒА ӨСУІ КӨЗДЕЛГЕН

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

smarttop

Пікір қалдыру