Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СУСЫН ЗАУЫТЫН САЛУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту мақсатында «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті.
Осыған дейінгі өткен кездесулер барысында талқыланған ұсыныстар негізінде Шымкентте сусын зауытын салу жобасы талқыланды. Инвестицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде зауытты салуға Сауда-логистикалық орталығының кеңейтілуге жоспарланған аумағынан 16 га жер телімі бөлініп отыр. Онда газдалған және газдалмаған сусындар, мұздатылған шайлар мен түрлі шырындар шығарылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР АЛЫНАДЫ

smarttop

ЛЮДИ — главная ценность страны

smarttop

ШЫМКЕНТ: ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСЫ БАР 800-ДЕН АСА ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру