9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕКТЕБІ МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗІ ДЕ МЫҚТЫ

…«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қазақстандық білім жүйесінің қашанғы проблемалары – үш ауысымда оқыту, апатты мектеп ғимараттары, мектептердегі орын тапшылығы, мектеп ғимараттарының тозуы, материалдық-техникалық базаның уақыт талабына сай болмауы және ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасындағы алшақтық деген сынды мәселелерді шешуді көздейді.
Осынау ауқымды жобаны жүзеге асыруға мемлекет 2023-2025 жылдары қосымша 2 триллион 600 миллиард теңге қаржы бөліп отыр. Бұл қаржыға республика бойынша 842 мың оқушыны қабылдай алатын 401 мектеп салынады. Бұл мектептер біз көріп жүрген жәй мектеп емес, атына заты сай жайлы мектеп болады. Қалай дейсіз бе? Айтайық.
Ең әуелі бұл мектептердің әрқайсысы 2 блоктан тұрады. Біріншісі бастауыш сыныптарға арналған блок болса, екіншісі негізгі және жоғары сыныптың оқушыларына арналады. Осы блоктардың әрқайсысында жеке-жеке асхана, спорт залы, гимнастика және хореография залдары, кітапхана және оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс істеуіне, сабаққа дайындалуына арналған коворкинг кеңістіктер болуы шарт. Оған қоса әр сынып бөлмесі интерактивті тақта және оқушылардың әрқайсысына арналған компьютерлермен жабдықталады. Сондай-ақ, мектептердің барлығында пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар болады.

Ұқсас ақпараттар

IT САЛАСЫНЫҢ ҚЫР-СЫРЫН ҮЙРЕТЕТІН ВЕБИНАР ӨТТІ

smarttop

«OPEN API» ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ TOLEM ФУНКЦИЯСЫН КЕҢЕЙТПЕК

smarttop

ТАС БАҒАНАЛАР АЛЫНЫП, ЖАСЫЛ КӨШЕТТЕР ОТЫРҒЫЗЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру