0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер тұрғындардың ірі көлемдегі несиесін жауып беремін деп алдаған жас жігітті ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны сырттай танысы алдап, 2021 жылдың желтоқсан айында 6 миллион теңгесін алып, жоқ болған. Арадан бірнеше ай өткенімен, алаяқ уәдесін орындамаған не ақшаны қайтарып бермеген. Нақтырақ айтсақ алаяқ, жәбірленуші мен қызының банктерде 9 миллион несиесін, 6 миллион берсеңіз, толық төленді деген түбіртек әперемін деп сендірген. Дәл осындай арызбен жоғарыдағы күдіктіге қатысты полицияға тағы бір егде жастағы әйел арызданды. Бұл жәбірленуші 6 миллион қарызын, 1,5 миллион теңгемен жауып беремін деген танысының сөзіне иланып, сұрағанын берген. Аталған жайттар бір күдіктіге қатысты болғандықтан, полицейлер істі бір өндіріске біріктіріп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Жәбірленушілерді алдап, несиелеріңді жауып беремін деп сендірген алаяқтықты ұстау, қылмысты ашу мақсатында сайрамдық сақшылар шұғыл іске кірісті. Алданған әйелдердің жауабына сәйкес полицейлер күдіктінің жеке-басын анықтап, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ол бұрын алаяқтық жасап, сотты болған жас жігіт болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті тұрғындардан алдау жолымен алған ақшаны жеке-басының пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда «Алаяқтық» бабымен тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер күдіктінің бұдан да басқа алаяқтық қылмысына қатыстылығын анықтайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында ардагер полицейлер арасында волейболдан жарыс өтті

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ХАНЫМДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ 131 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ҚАБАТЫ ТӨСЕЛІП, ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру