Smarttop.kz

ШАПИТО ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

Демалыс шымкенттіктер үшін көңілді өтті. Павлодардан келген Рингостар цирк өнерпаздары көрерменге қуаныш сыйлады.
Павлодарда құрылған Шапито Рингостар циркінің меңгерушісі Ринат Фахрнуров Шымкенттен бастау алған бұл бағдарлама әрі қарай кіші аудандар мен оңтүстіктің барлық қалаларын аралайтынын айтты. Ал, былтыр гастрольдік сапар солтүстік өңірлерде өткен екен.
Өнерпаздар Шымкентке қалалық Татар-башқұрт этномәдени орталығының шақыртуымен келіпті. Бағдарламаның ашылуына орай ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясын жасауды да ұмытпады. Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері 6506 әскери бөлімше командирі ұйымдастырған арнайы көлікпен келіп, бағдарламаны тамашалап мәз-мейрам болды.
Цирк бағдарламасы Ніл аллигаторлары, амазониялық анакондалар, кірпі, жанат, үйретілген ит-мысықтардың қойылымдары мен экстремальді шоумен айшықталды. Кішкентай көрермендерге түрлы сыйлық үлестірілді.
Айта кетейік, өнер ұжымы «Фосфоршылар» мәдени орталығының жанында 11 наурыз — 2 сәуір аралығында өз көрермендерін күтеді.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДА ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру