ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Жаслан Мадиев Шымкенттегі ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-ны жұмыс барысымен танысты.
Министр алғашқы кездесуді Мәделі Қожа көшесі, 1 Г мекенжайында орналасқан ХҚКО-ның қызметкерлерімен кездесуден бастады. 2022 жылы қайта жаңартудан өткен орталық заманауи техникамен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез әрі ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген. Азаматтар мұндағы «Connection point» секторынан маман көмегіне жүгінбей, қажетті құжаттарды өздерінің алуына мүмкіндік жасалған.
Қажет болған жағдайда орталық операторлары тұрғындарға цифрлық сауат негіздері мен электронды үкімет порталында және «ХКҚО» мобильді қосымшасында жұмыс істеуді үйретеді.
Жыл басынан бері аталып отырған өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 100 мыңнан аса шымкенттік тұрғын қызмет алған.
— ХҚКО-мен қоса біз мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының да жұмысын көрсеттік. ЖЖЕ 3.0 жүйесін енгізу және заманауи технологияларды қолдану нәтижесінде жүргізуші куәлігін алуға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы едәуір жақсарды», – деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Еске салайық, Шымкент қаласында 12 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп тұр, оның ішінде төртеуі – мамандандырылған қызмет көрсету орталығы. Сондай-ақ, көші-қон қызметтерін көрсету және кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы да бар. Барлығы Kaizen қағидатымен жұмыс істейді.
Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қалалық филиалында 554 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген екен. 29 мыңнан аса азаматқа жүргізуші куәлігі беріліп, автокөліктерді қайта тіркеуге байланысты 82 мың қызмет көрсетілген.
Шымкент келбеті