17.3 C
Шымкент
Воскресенье, 6 сентября, 2026
Smarttop.kz

ТАРИХЫМЫЗ БЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛГЕН КҮН

Шымкентте «Тарихқа тағзым!» мерекелік іс-шарасы Rixos Khadisha қонақ үйінде жалғасты. Ол жерде бүлдіршіндер «Ордабасы – бірліктің туы», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» мультфильмдерін тамашалады. Балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, «SCAT» әуекомпаниясы тәттілер, жеміс-жидектер мен өзге де сыйлықтар үлестірді.
– Мереке қалалық деңгейде өтіп жатыр. Іс-шара кешкі 22:00-ге дейін жалғасады. Жас өскіндер арасында ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық киімдер дефилесі, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылды. Кішкентай шымкенттіктер концерттік бағдарламаны көріп, театр қойылымдарын тамашалап жатыр, — дейді «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің маманы Назерке Жақсылықова.
Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызда дәріптеуге осындай іс-шаралардың берері мол.

Ұқсас ақпараттар

АНАЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДА ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДАҒЫ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

БИЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДЫҢ ТУҒАНЫНА — 930 ЖЫЛ

smarttop

Пікір қалдыру