0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Алексей ЦОЙ: «ШЫМКЕНТ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ»

Бүгін ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой бастаған делегация Шымкентке іссапармен келді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков делегацияға мегаполис ауруханаларының мүмкіндігін таныстырды.
Делегация, әуелі, қалалық №1 клиникалық аурухананы аралады. Аурухананың бас дәрігері А.Донбай аурухананың қабылдау бөлімі, консультациялық-диагностикалық бөлімше және операциялық блоктың жұмысымен таныстырды. ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы А.Цой күні кеше орталық мамандарымен бірлесіп ота жасалған науқастармен тілдесті.
— Республикалық маңызы бар қаладағы медицинаның қуатын осы аурухананың мүмкіндігінен-ақ байқап тұрмыз. Аурухананың заманауи жабдықтармен қамтылуы және мұндағы дәрігерлердің жылдар бойы жинаған тәжірибесі кешегі жасалған операция кезінде де көрінді. Мұнда ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлерімен бірлесіп күрделі операциялар жасалды. Екі жақтың мамандары өзара тәжірибе алмасты. Кеше ғана күрделі ота жасалған науқастың бүгін аяққа тұрғанын, жағдайының қалыпты екенін көріп, мұндағы дәрігерлердің кәсіби білігі жоғары екенін ерекше атап өткім келеді. Мұндай күрделі операцияларды өңірлерде өткізіп, тәжірибе алмасудағы мақсатымыз — медицинаның қолжетімділігін арттыру. Яғни, науқастар күрделі ота үшін Алматы, Астана қалаларына бармай-ақ, өз өңірінде емделе алады. Себебі, Шымкент медицинасының мүмкіндігі мол, — деді А.Цой.
Делегация Шымкент қаласындағы №2 ауруханаға барып, онда қабылдау бөлімінің, жоспарлы хирургия, операциялық блок пен диагностика мен емдеудің рентгенхирургиялық әдістері бөлімінің, инсульт орталығының жұмысымен танысты. Аурухананың бас дәрігері А.Рахматалиев орталықтың медициналық құралдармен жабдықталуын, ондағы жасалған күрделі оталар жайлы баяндады. ҚР ПІБ медициналық орталығының басшысы А.Цой аурухананың мүмкіндігін жоғары бағалап, орталық дәрігерлерімен бірлікте ота жасалған 3 науқастың жағдайымен танысты.
Айта кетейік, ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Орталық клиникалық аурухананың 25 жетекші маманы 21 ақпаннан бері Шымкентте 157 науқасқа кеңес беріп, қала ауруханаларында 16 күрделі операцияға қатысты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖАСТАР ШЕРУІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БРИГАДАСЫ 62 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

smarttop

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру