Smarttop.kz

ПОЛИЦЕЙЛЕР АТЫРАУЛЫҚ ҚАЛТА ҰРЫСЫН ҰСТАДЫ

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, орталық базарда «Samsung A 32» маркалы ұялы телефоны мен 20000 теңге ақшасын белгісіз жағдайда ұрлатып алған. Полицияға осындай шағыммен тағы бір әйел хабарласты. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Орын алған ұрлық қылмыстарын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында базар аумағына бекітілген учаскелік полиция инспекторлары іске кірісті. Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдіктінің ұрлық жасаған сәтіндегі бейнежазбасы анықталды. Жан-жақты тексеру жұмыстарының арқасында, 2 тәулікте күдікті ер адам базар аумағынан ұсталды. Ол Атырау облысының тұрғыны, бұрын дәл осындай ұрлықпен сотты болған орта жастағы ер адам болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші әйелдер базарда керек-жарағын алып жүргенде, ұры білдіртпестен ұялы телефондарын жымқырып, жанынан өте шыққан. Содан оңай жолмен келген бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратқан.

Күдіктінің бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛЫ 100 ПАЙЫЗ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

smarttop

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша 449 отбасына (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) лимит бөлінді

smarttop

Пікір қалдыру