16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.
Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазіргі таңда, негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95 пайызға орындалды. Мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысын ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.

Айта кетерлігі, бүгінге дейін жобаға бөлінген қаржының 550 млн теңгесі игерілген. 2021 жылға республикалық бюджеттен 1 млрд 100 млн, жергілікті бюджет есебінен 543,7 млн теңге қаралған.

Шаһардағы көлік қозғалы­сын реттейтін ендігі бір жоба – Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында салынатын жолайрық құрылысы.

Бәйдібек би-Арғынбеков көше­лерінің қиылысында көлік жолайрығын салу құры­лысының 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС. Құры­лыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша – 700, Арғынбеков көшесі бо­йынша 921 метрді құрайды.

Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланып, бюджеттен жалпы 11,4 млрд теңге қаржы қарастырыл­­ған. Ал осы жылға қаралғаны – 200 млн теңге. Осыған орай жол­ай­рық түсетін маңдағы 61 жер те­лі­мін қайтару қажеттігі туын­дап отыр.

– Негізгі жолды жабуға де­йін биыл мамыр-қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу, 3-4 съездер­дегі байланыс желілерін қайта жайластыру, Арғынбеков кө­ше­сіндегі 3-ші съездегі тіреу қа­бырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспарда. Сонымен қатар қазан-желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков кө­шесінің бойындағы 3-ші съез­дің тіреу қабырғасын салу, тоннел бойынша жер қазу жұ­мыс­тарын жүргізу көзделуде.

Ұқсас ақпараттар

«Мың жүйрік» республикалық байқауын осымен екінші рет ұйымдастыруы

smarttop

ЖАСТАРҒА 2,5 ПАЙЫЗБЕН БЕРІЛЕТІН НЕСИЕ ҮШІН КЕПІЛДІК ТҮРЛЕРІ КЕҢЕЙТІЛДІ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТКЕ ХАТ ЖАЗҒАН БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру