9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістанда 47 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспары жүзеге асты

Өткен жылы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шқ. (37,4 %) құраған болатын.
2023 жылдың 9 айдың қорытындысымен 845 шқ құрайтын жолдың 399,2 (47,2%) асфальт жол, 445,8 (52,8%) шқ құрайтын жолдары бар.
2021 жылы 4 нысанның құрылысы басталған болатын.
Олар: Ә.Жангелдин көшесі, І.Қожабаев көшесі, Қазыбек би – О.Жарылқапов аралығындағы жол және Қалаби көшесі.
Құрылыс жұмыстары барысында жүріс бөлігі 4 жолақты жолға кеңейтіліп, жарықтандыру жүйесі, аяқжол (тротуар), веложол, суағар науа, көпір құрылысын салу жұмыстары жүргізіледі.
Халықпен кездесу барысында Бекзат мөлтек ауданының тұрғындары темір жол үстінен жаяу жүргіншілер көпір салуды сұраған болатын. Осыған байланысты, ағымдағы жылы 2 жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталды.
2022 жылы қала аумағындағы сарқынды су жүйесі жүргізілген сондай-ақ, қоғамдық көліктер қатынайтын 77 шақырымды құрайтын 69 көшені орташа жөндеуден өткізу жоспарланып, қазіргі таңда нақты 50,3 шқ құрайтын 47 көшесінде жүзеге асты.
2023 жылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік нысандарға (мектеп, балабақша және т.б.) баратын және соларға қосалқы жатқан, жалпы 42 шақырымды 43 көшеге аяқжол құрылысын жүргізу жоспарланып, жұмыстары толық аяқталды.
Түркістанда қазіргі уақытта 22 қоғамдық көлік бағыты бар («Жолаушы» ЖШС-і 16 қалаішілік бағыт, «ТехПрофАвто» ЖШС-і 6 бағыт). Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктердің 144 данасы — сыйымдылығы жоғары автобустар және 76 данасы — шағын автобустар.
Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға жаңа 119 автобус (оның ішінде, 2022 жылы — 28) алынды. Қоғамдық көліктерде электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.
Қала аумағында жалпы 224 аялдама қолданыста. Биыл қосымша 120 аялдама нысандарын орнату қолға алынды. Соңын 50 аялдамасы толық орнатылып бітті.
2023 жылы қаламызда 184 көшеге жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, жарықтанған көшелер қатары 723-ке жетті. Бұл қаладағы барлық көшенің 82,8 пайызы.

Ұқсас ақпараттар

ТӨРТ ЕЛДІМЕКЕНДЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ САЛЫНАДЫ

smarttop

БИЫЛ 72 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ АУЫЗСУМЕН ҮЗДІКСІЗ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру